Президенттің саяси қарсыласы сотталып кетті

Президенттің саяси қарсыласы сотталып кетті
17.07.2025 12:25
0
182
Фото: Politico.kz

Ыстамбұл қаласының мэрі, президент Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлы 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Экрем Имамоғлына Ыстамбұл прокурорын көпшілік алдында қорлап, қоқан-лоқы жасады деген айып тағылған. Имамоғлы өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

«Мен биліктің сот жүйесін саяси құрал ретінде пайдалануына қарсы күрестім. Бұл барып тұрған қорлық», – деді ол сотта.

Прокурор оны екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруды және саяси қызметпен айналысу құқығын шектеуді сұраған.

Еске салайық, Экрем Имамоғлы 2028 жылы өтетін сайлауда Түркия президенті Ердоғанның негізгі қарсыласы ретінде көріген еді.

Ол 2025 жылдың наурызында бірнеше іс бойынша, оның ішінде жемқорлық пен терроризмге жәрдемдесу бойынша айыптармен тұтқындалды. Сол сәттен бастап оның мэр өкілеттігі тоқтатылды.

Оның ұсталуына бір күн қалғанда Ыстамбұл университеті жоғары білім туралы дипломының заңдылығына күмән келтіріп, құжатын жарамсыз деп таныған. Түркия заңнамасына сәйкес, президенттікке кандидат болу үшін азаматтың жоғары білімі болуы қажет. Соған қарамастан, оппозициялық партия Имамоғлыны президенттікке ресми кандидат ретінде ұсынған.

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий