«Проблемалық кредиттер қорының» экс-басшысы ұсталды
2623
ҰҚК лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген.
Бұдан бөлек ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.
Сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды.
Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
23:53
Назарбаевтың кеңсесін басқарған Махмұд Қасымбек...
07.09.2026
22:23
Ритм сезімі туа біткен: Шымкенттік алты жасар д...
07.09.2026
21:16
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бұқтырылған ет өнд...
07.09.2026
20:26
«Ақ Toyota-ны тап»: ЖИ Алматы облысының полиция...
07.09.2026
20:21
ҰҚК Астана көші-қон полициясының бұрынғы бастығ...
07.09.2026
19:30
Қазақстандықтар оң өзгерістерді атап өтіп, инфр...