Прокуратура борышкерлерден 2,9 млрд теңге өндіріп алды

29.10.2025 • 16:41 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Прокуратура борышкерлерден 2,9 млрд теңге өндіріп алды
496
фото: istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке қомақты берешек қаражатты қайтаруға қол жеткізді. Нәтижесінде жыл басынан бері мемлекет активтері жалпы сомасы 2,9 миллиард теңгеге толықтырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді.

Басқа бір жағдайда прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде жеке компаниялардың бірі елордалық мектептің пайдасына 17 млн теңге көлеміндегі берешегін өтеді.

Прокуратураның кешенді шараларының арқасында ағымдағы жылы жалпы 2,9 млрд теңгеге мемлекеттің активтері толықтырылды.

Қалалық прокуратура бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий