Путин Украинаға тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды

Путин Украинаға тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды
11.05.2025 13:12
0
128
Фото: Alexander Kryazhev/Host agency RIA Novosti/Handout/REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Стамбулда соғысты тоқтату туралы тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл келіссөздер алдын ала шарттарсыз өтуі тиіс, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Біз Украинамен маңызды келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Бұл келіссөздердің мәні – қақтығыстың бастапқы себептерін жою, тарихи перспективада ұзақ мерзімді, берік бейбітшілікті орнату. Осы келіссөздер барысында жаңа бітімдерге, нақты атысты тоқтатуға да қол жеткізуіміз мүмкін», – деді Путин 11 мамыр түнінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен 12 мамырда телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді. Путин бұл әңгіме барысында Ердоғаннан келіссөздерді Стамбулда өткізуге көмек сұрайтынын айтты.

Украина билігінің 12 мамырдан бастап 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысына Путин ешқандай пікір білдірген жоқ. Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің бұл ұсынысты «жекелеген нюанстарды» ескере отырып қабылдауға дайын екенін айтқан еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий