«Қалай қуанбасқа?»: Әбдіжаппар Әлқожа бауырының тұсаукесерін ерекше атап өтті
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа отбасындағы қуанышты сәтпен бөлісті. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бауыры Әбдірахманның тұсау кесер тойынан әсерлі кадрлар жариялап, жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің айтуынша, тұсаукесер рәсімі ұлттық дәстүрге сай, ақ ниет пен ақ батаның тоғысқан берекелі отырысқа айналған.
«Баталы елдің ақ тілегін алып, аталы жұртына дастархан жайып, жақсы мен жайсаңға өзі бір отау болып, Әбдірахман ұлымыздың тұсау кесер тойын тамаша етіп өзі жасап, жігіт болған бауырымның қуанышына қалай қуанбасқа?! Той құтты болсын!» — деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.
Желі қолданушылары да бұл қуанышты сәтке бейжай қарамай, жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.
Пікірлер арасында:
«Қолдарың құтты болсын», «Той құтты болсын! Әулеттеріңізге жан көбейе берсін», «Түп нағашысының жолын берсін» деген тілектер жиі кездесті.
Бауырын ерекше ықыласпен қолдап, ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл сәт Әбдіжаппар Әлқожаның отбасылық құндылыққа берік, бауырмал жан екенін тағы бір мәрте көрсетті. Тұсаукесер тойы өнер иесінің отбасы үшін ғана емес, желі қолданушылары үшін де жүрекке жылу сыйлаған әсерлі көрініске айналды.
Соңғы жаңалықтар