"Қара тізімдемін": Меруерт Түсіпбаева мәлімдеме жасады

25.02.2026 17:19 Мөлдір Талғат
789
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева шұғыл мәлімдеме жасап, соңғы уақытта өзінің тележобалардан алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, 2025–2026 жылдары оны екі ірі телеарна – «Ұлттық арна» мен «Хабар» эфирінен алып тастаған. Әнші бұған дейін әріптесі Алмас Кішкенбаевтың «қара тізімге» ілінгені жайлы жазылғанын еске алып, өзі бұл тақырыпты қозғамағанын жеткізді.

«Алмас Кішкенбаевтың қара тізімде екенін жазды ғой. Мен болсам, ол туралы жариялағым келмеді. Бірақ 2025–2026 жылдары мені екі үлкен арнадан — “Ұлттық арна” мен “Хабардан” алып тастап жатыр. Жарайды, мен жас әнші емеспін, оны да дұрыс деп қабылдадым. Жастар шықсын, шүкір дедім. Онсыз да желіні жарып жүрмін ғой деп қатты қиналмадым», – деді ол.

Алайда әнші нақты түсірілген жобалардың эфирге шықпай қалғанына наразылығын білдірді. Оның сөзінше, «Хабар» арнасы Алматыдан арнайы шақыртып, бес әнін түсірген. Түсірілімге бірнеше оператор қатысып, ауқымды жұмыс жүргізілген.

«5 әнімді түсірді, 8–9 оператор жұмыс істеді. Қанша электр энергиясы, менің өз энергиям, 5–6 образ ауыстыру — қаншама еңбек, қаншама уақыт кетті. Содан кейін дым жоқ. Көрсетпеді», – деді әнші.

Сонымен қатар ол «Таңшолпан» бағдарламасына түсірілген нөмірінің де эфирге берілмегенін айтты. Жүргізушіге хабарласқанымен, нақты жауап алмағанын жеткізді.

«Қайсысын айтайын? Халқым аман болсын. Оқырмандарым аман болсын. Жоқ дегенде, Баянауылымның тарихында қалатыным сөзсіз», – деп түйіндеді Меруерт Түсіпбаева.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий