Қарағанды облысында 200-ге жуық адам екінші күн бойы қар құрсауында қалды

Қарағанды облысында 200-ге жуық адам екінші күн бойы қар құрсауында қалды
22.01.2025 12:19
0
71
Бейнеден кадр
Қарағанды облысында 200 адам екі күн бойы тас жолда қалып отыр

Қарағанды облысында Теміртау маңындағы терминал жанында 200-ге жуық адам екінші күн бойы қарлы боран мен көктайғақ салдарынан тас жолда қалып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полицейлердің айтуынша, Теміртау маңындағы тас жолда көріну деңгейі кей жерлерде нөлге тең. Қатты көктайғақ салдарынан жеңіл және ауыр жүк көліктерінің қозғалысы мүмкін емес. Жолда шамамен 150 көлік жиналып, ішінде 200 адам бар.

"Құрметті жүргізушілер! Екінші күн бойы ауа райына байланысты жабылған тас жолда тұрсыздар. Үйге жету тілектеріңізді түсінемін, бірақ ауа райы болжамына біз ықпал ете алмаймыз. Қауіпсіздігіңіз үшін колонналарды ұйымдасқан түрде алып жүру шараларын қолға алдық. Жол ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауды өтінемін", – деді Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайров.

Шет ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 142 жүк көлігі, 74 жеңіл көлік және 1 автобус тоқтады. Жалпы 400-ден астам адам қар құрсауында қалды. Полицейлер колоннаны Қарағандыға дейін алып жүруді жоспарлап отыр.

Павлодар облысының Шідерті елді мекені маңындағы блок-бекетте 350-ге жуық көлік жиналған. Жылыту пункттеріне 42 адам орналастырылып, жергілікті атқарушы органдар оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или