Қарағандыда 10 жастағы бала 6000 вольттық тоққа түсіп, жансақтауда жатыр

07.06.2026 16:25 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағандыда  10 жастағы бала 6000 вольттық тоққа түсіп, жансақтауда жатыр
245
GOV.KZ
Балалар алаңы маңындағы электр желісі

Қарағанды облысының Долинка кентінде 10 жастағы бала жоғары кернеулі электр желісінің тірегіне шығып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Заводской тұйығында болған. Туыстарының айтуынша, бала балалар алаңының маңында орналасқан 6000 вольттық электр желісінің металл тірегіне көтерілген. Сол сәтте оны тоқ соғып, биіктіктен құлап кеткен.

Салдарынан бала ауыр күйік алып, түрлі дене жарақаттарын алған. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Марқұмның туыстары электр желісінің тірегі балалар еркін кіріп-шыға алатын жерде тұрғанын айтып, қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігіне алаңдаушылық білдірді.

«Біз тек мұндай жағдайдың қайталанбауын қалаймыз. Бүгін жансақтауда менің інім жатыр, ертең оның орнында басқа бала болуы мүмкін», – дейді жақындары.

Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиға бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді. Іс материалдары құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің өңірлік департаментіне жолданған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий