Қарағандыда кеншілер бұрын-соңды болмаған марапаттар иеленді
Кеншілер күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет үйінде Qarmet компаниясы көмір департаментінің 18 жұмысшысына «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» , «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапаттары табысталды. Марапаттарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды.
Кеншілік – мәртебе және мінез. Кеншілер тек еңбекқорлығымен, табандылығымен және батылдығымен ғана емес, сондай-ақ адалдығымен және жақынына көмек көрсетуге дайындықпен де ерекшеленеді. Осы құрметті мамандықтың өкілдерін шын жүректен құттықтаймын! Кеншілер айтпақшы, «тас төбенің бекемдігін» тілеймін. Кеншілер күні құтты болсын! - деді Бөлекпаев.Осы орайда «Құрмет» ордені иегерлерінің бірі Нұржан Уәлиев марапатталғанын қалай естігенін айтып берді.
Бүгін теледидардан президентіміздің кеншілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын естіп, жұмысқа келсем, маған «Құрмет» ордені берілгенін айтты. Өзім Абай шахтасында 5-разрядты проходчик болып жұмыс істеймін, еңбек өтілім – 33 жыл. Мен өте қуаныштымын. Бұл – үлкен естелік. Немерелерім көретін болады. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын! – деді ол.Мемлекеттік наградалардан басқа, «Шахтер Даңқы» ІІІ дәрежесі, «Еңбек даңқы» II дәрежесі белгілері және «Еңбек ардагері» медальдары да тапсырылды. Марапатталғандар арасында тазалау жұмыстарының тау-кеншілері, тау-кен машиналарының машинистері, жер астындағы электр слесарлары және энергетиктер болды. Марапаттарды Индустрия және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков тапсырды.
Сіздер өмірлеріңізді ауыр, бірақ құрметті іске арнадыңыздар. Өз табандылықтарыңызбен және жанқиярлық еңбектеріңізбен ұлттық экономиканың өсуіне және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің нығаюына үлес қосудасыздар, - деп атап өтті Сапарбеков.Кеншілерді Qarmet компаниясының басшылығы да құттықтады. Өндірістің 11 үздік қызметкеріне Chevrolet Onix жеңіл автокөлігінің кілті табыс етілді. Сыйлықтарды Qarmet компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, бас директор Вадим Басин және Көмір департаментінің директоры Жахан Мұхамеджанов тапсырды. Автокөлік иелері:
- Владимир Жуков («Костенко» шахтасының жерасты электр слесары);
- Виктор Дульша (Күзембаев атындағы шахтаның тау-кен жұмысшы-жөндеушісі);
- Владимир Булаткин (Күзембаев атындағы шахтаның тау-кен машиналарының машинисі);
- Иван Шевцов («Саранская» шахтасының УПР-1 бұрғылаушысы);
- Константин Проценко («Абай» шахтасы тау-кен машиналарының машинисі);
- Ильдус Құрманов («Қазақстан» шахтасы тау-кен машиналарының машинисі);
- Сергей Маленок (Ленин атындағы шахтаның УПР-1 бұрғылаушысы);
- Абдул Шабанов («Шахтинская» шахтасының УПР-1 бұрғылаушысы);
- Амангелді Жұмаков («Тентекская» шахтасының УПР-3 бұрғылаушысы);
- Руслан Кишман («Шығыс» ЦОФ-тың жөндеу және қызмет көрсету слесары);
- Александр Кайдалов (УСШМД бұрғылау қондырғысының машинисі).
Мен шахталарда бұрғылаушы болып жұмыс істеймін. Менің еңбек өтілім – 26 жыл, мұндай жағдай өмірімде алғаш рет болды. Көлікті өзім жүргіземін, бірақ алдымен жүргізуші куәлігін алу керек, - деді Александр Кайдалов.Qarmet компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев құттықтау сөз сөйледі.
Бұл күні мен сіздерге зор денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін. Әрқайсыңыз үшін ең маңыздысы, біздің Отанымыз дамып, «Қарағанды қаласы – кеншілер астанасы» деген үлкен және күшті атақты мақтанышпен алып жүру. Осылай жалғаса береді. Осы ұлы ерлік, күш және батылдық мерекесімен құттықтаймын! Барлығыңызға жақсылық тілеймін, - деді Лаврентьев.Qarmet бас директоры Вадим Басин де әріптестерін мерекемен құттықтап, жаңа жетістіктер мен қауіпсіз жұмыс тіледі.
Құрметті жерлестер, әріптестер, қадірлі кеншілер мен көмір саласының ардагерлері! Жер астындағы ең бастысы – кенші. Өз ісіне адал, ержүрек және жанқиярлықпен еңбек ететін адамдар, жылдар бойы бір-біріне иық тіресе жұмыс істеп, қуаныш пен жеңісті бөліседі. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт, амандық, қауіпсіз жұмыс және жаңа жеңістер тілеймін! - деді ол.Құттықтауға көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов та қосылып, кеншілердің ерлік еңбектерін атап өтті.
Дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде біз өз кәсіби мерекеміз – Кеншілер күнін атап өтеміз. Біздің тарихымыз жалғасып жатыр. Өз ісімізді дұрыс түсінсек, бәрі сәтті болады. Баршаңызға мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Өздеріңізді күтіңіздер, мерекелеріңізбен! - деді Жақан Мұхамеджанов.Марапаттау рәсімінің соңғы бөлігінде қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Кеншілер үшін хореографиялық ансамбльдер, әншілер Марат Бекішев, Талғат Идрисов, Нұрлан Абдуллин және Игорь Николаев өнер көрсетті. Фото: gov.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
17:40
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова...
12.12.2024
17:18
"Танымай қалдық": өзгеріп кеткен Меруерт Түсіпб...
12.12.2024
16:49
13 желтоқсаннан бастап Астана-Бурабай арасында ...
12.12.2024
16:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына ресми сапар...
12.12.2024
16:13
Ақтөбеде жалған адвокат 10 миллион теңге жымқырған
12.12.2024
16:10
Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін мамандық...