Қарағандыда жасөспірім 14 жастағы баланы өртеген
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты 16 жастағы ауыл тұрғынын 14 жастағы балаға қасақана от қойып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, бостандығын шектеу жазасына кесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Судья Дулат Бурабаев үкімді жариялау кезінде:
«Қылмыс орташа ауыр санатқа жатады. Айыпталушының жасы, бұған дейін сотталмағаны ескеріліп, оған бір жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу және бір жыл пробациялық бақылау белгіленеді», — деді.
Сот 16 жастағы жасөспірімді ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі («Кәмелетке толмағанға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша кінәлі деп таныды.
Оқиға былтыр қыркүйекте Шашубай ауылында болған. Тергеу мәліметінше, жасөспірім жанған сіріңкені 14 жастағы балаға әдейі лақтырған. Бұған дейін балалардың бірі байқамай үстіне бензин төгіп алғандықтан, киімі бірден тұтанып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші күйік жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
Соңғы жаңалықтар