"Қарамағындағыларды "тәрбиелеу" үшін атқан": Абай облысында полиция бастығы не істеп жүр?

12.07.2025 12:26
0
281
t.me/jagdaikz

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы аудандардың бірінде полиция бастығы қызметкерлеріне "рогаткадан" атқаны туралы ақпарат тарап, видеосы жарияланды. Өңірлік ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеп.

Jagdai деп аталатын Telegram-арнада полиция бөлімшелерінің бірінің басшысы қызметкерлерін "рогаткамен" атқаны туралы ақпарат тарады.

Желіде Шар қаласы полиция бқлімшесінің бастығы қызметкерлерін "рогаткамен" атқылаған видеосы тарады. Кадрлардан ол бұл әрекетін "тәрбие" тәсілі деп түсіндіргенін көруге болады, - делінген видео сипаттамасында.

NUR.KZ тілшісі Абай облыстық полицияның баспасөз қызметіне сұрау салды.

Абай облысы полиция департаментінің жеке құрам инспекциясы оқиға орнына барып, қызметтік тексеріс жасайды. Тексерік нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданбақ, - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий