Қарақат Әбілдина кітап шығарды

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина кітап жазып, көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Қарақат салған қанатты ән’– атты кітабім жарық көрді, жақсы адамдар! Бұл кітап – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған ең алғашқы кітап. Бұл жинаққа репертуарымдағы көне аспаппен орындаған 32 әннің мәтіні, нотасы, QR код аудиосы енді. Бұл еңбек жетігенде ойнап үйренем деген жас өнерпаздар мен ұстаздарға бағалы көмек болары сөзсіз. Бұл тек менің шығармашылығым емес – қазақ руханиятына қосқан бір тамшы үлесім деп білемін.
Өнер жолында өз үнімді, өз ізімді қалдыру – менің арманым еді. Осы туынды – көп армандарымның бірі, соның орындалған сәті…. ", деп қуанышын бөлісті өнер иесі.
Айта кетейік, кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері мен өнер өкілдері , соның ішінде ұлттық өнер жанашырлары қатысты.
Соңғы жаңалықтар





