Қаскелеңдегі оқушы өлімінен кейін мектеп басшысы қызметінен кетті

Қаскелеңдегі оқушы өлімінен кейін мектеп басшысы қызметінен кетті
28.05.2025 13:28
0
301
Фото: ашық дереккөз

Түлектердің бірі сыныптасының жүрегіне шампур тығып өлтірді. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қайғылы жағдайдан кейін мектеп директоры жұмыстан кетті. Сынып жетекші мен оқу ісі меңгерушісі қатаң сөгіс алды. 

Полиция ақпаратына қарағанда, кеш барысында түлектер арасында кенеттен ерегіс басталған. Төбелес кезінде бір түлек марқұмның жүрек тұсына шампур сұғып алған.

Құрдасын жанжал кезінде өлтіріп алған түлек қазір қамауда отыр.

«Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесінде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полиция тарапынан Білім басқармасына құзыреті шегінде шара қолдану үшін ұсыныс жолданды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий