Қастандықтан аман қалған кәсіпкер Руслан Берденов Қытайда жаңа жобасын таныстырды

Қастандықтан аман қалған кәсіпкер Руслан Берденов Қытайда жаңа жобасын таныстырды
03.09.2025 11:50
0
149
Qaz365.kz

Әлеуметтік желілерде Руслан Берденовтің Қытайда түскен суреттері тарады. Фотоны кәсіпкер Сырымбек Тау өз парақшасында жариялағанымен, кейін өшіріп тастаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Сретте Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де байқалады. Бұл сапар Берденовтің кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген болжам бар.

Сонымен қатар кәсіпкер тағы бір бейнероликпен бөлісіп, онда Бейжіңде жаңа Sandyq мейрамханасының ашылғанын жариялады.

«Біз Бейжіңде Sandyq мейрамханасын ашып жатырмыз. Бұл жобаны мемлекет басшысына таныстырамыз», – деді жобаның өкілі Нұржан Ниязалиев.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге Sandyq мейрамханалар желісін бірнеше қалада іске қосқан болатын.

2024 жылдың сәуірінде Руслан Берденовке қастандық жасалды. Ернар Жиенбай оған бес рет оқ атып, нәтижесінде кәсіпкер ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінде 60-тан астам жарықшақ қалған. Операциядан кейін жағдайы тұрақтандырылған.

20 тамызда сот Ернар Жиенбайды кісі өлтіруге оқталды деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

29 тамыз күні Руслан Берденовтің өз қызметінен кеткені белгілі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий