"Қатты қызғандым": төрт баласын суға тастаған әйел бар шындықты жайып салды

16.07.2025 11:46
0
591
ашық дереккөз

27 жастағы тәжікстандық Мадина Халимова маусым айының соңында өзенге төрт баласымен бірге секірген. Өзі аман қалса да, балалардың үшеуінің мәйіті табылып, бес жастағы үлкен қызы әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бойынша әйелге "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Халимованың туыстары оның психикалық ауытқуы барын айтса, адвокаты Бехруз Алиев бұл пікірмен келіспейді. Оның сөзінше, бұл ауыр қадамға әйел күйеуін қатты қызғанғандықтан барған.

"Сол күні күйеуім көлігімен жас жұбайларды қалаға апарып тастады. Кешке үйге келгенде, көліктен гүл мен костюмді көріп, ішіме қызғаныш толды. Түнде телефонына бөтен әйелден хабарлама келді. Ашудан не істеп қойғанымды өзім түсінбей қалдым", – деген Халимова тергеу барысында.

Ол күйеуін кінәламайтынын айтты. Әйелдің айтуынша, алдымен үш баласын өзенге лақтырып, кейін төртінші баласын құшақтап өзі де секірген. Алайда өзенде әлсіреп, аман қалу үшін баласын жібере салған. Түнді орманда өткізгенін де жасырмады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий