«Қауіпті»: Астана әкімі депутатпен сөзге келіп қалды

12.12.2025 20:16 Берік Арманов
«Қауіпті»: Астана әкімі депутатпен сөзге келіп қалды
0
54

Астана мәслихатының отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек депутат Талғат Ерғалиевтің сөзін бөліп тастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Депутат Сарыарқа ауданындағы қылмыстық жағдайды сипаттап, оны әлемдегі ең криминогенді қалалармен салыстырған. Бұл мәлімдеме әкімнің наразылығын тудырды.

Ерғалиевтің айтуынша, Астанадағы қылмыстардың жартысына жуығы вокзал маңы, іргелес кварталдар және жеке секторда шоғырланған. Ол жыл сайын Сарыарқа ауданында шамамен 8 мың қылмыс тіркелетінін мәлімдеді.

Жеңіс Қасымбек бұл деректерді дәлелсіз деп атап, Венесуэла секілді қалалармен салыстыруды «қауіпті» және «дұрыс емес» деп бағалады.

Депутат ауданда қосымша полиция тірек пунктін ашуды ұсынды, бірақ бұл мәселе екі жылдан бері шешілмей келеді.

«Мұның бәрін дәлелдеу қажет. Сіз ол мәліметтерді қайдан алатыныңызды білмеймін. Каракаспен немесе басқа біреумен салыстыру — орынсыз. Біз жауапты адамдармыз, оның үстіне баспасөз қатысқан тікелей эфирде отырмыз. Халық бізді тыңдап отыр, ал біз қоғамдық пікірді дүрліктіріп жіберуіміз мүмкін. Әр сөзіміз үшін жауапкершілікке тартылуымыз ықтимал», — деді Астана әкімі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий