Қайрат Нұртас 8 жыл бойы қарияға қарызын қайтармай жүрген

Қайрат Нұртас 8 жыл бойы қарияға қарызын қайтармай жүрген
23.05.2025 12:20
0
178
Фото: Видеодан кадр

Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Ташкенттегі гастрольдік концертінде күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Концерт кезінде әншіге жасы үлкен жанкүйері келіп, он жылдан бері Қайраттың бірде-бір концертін жібермей қарап жүргенін айтты. Ол өзімен бірге балаларынан сыйлық ретінде бірнеше медаль әкеліп, Қайратқа бұрынғы уәдесін еске салды.

«Мен он жылдан бері отбасыммен сенің концерттеріңе барып жүрмін. Билеттер сатып, миллионер де болдым. Бұл медальдар – балаларымнан. Олар саған өз қолдарымен табыстауды өтінді. Сенің балаларың да әлем чемпионы болсын. Менің балаларым чемпион болған күні үлкен той жасап, сені міндетті түрде шақырамын», – деді ол.

Алайда бұл әңгіме осымен аяқталмады — ер адам әншіге 2017 жылы берген уәдесін де еске салды:

«2017 жылғы концерттердің бірінде белбеуіңді ұмытып кеткенсің. Сол кезде мен саған өзімдікін бергем. Рахмет ретінде маған тұлпар сыйлаймын деп уәде беріп едің. Енді менің тұлпарымды қашан бересің?», – деп сұрады қария. 

Қайрат Нұртас сасқалақтап қалды. Жанкүйердің сұрағына: «Иә, тұлпар беремін», – деп жауап берді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий