Қайрат пен Заңғардың балаларына қатысты сөз көбейді: Айдарбековтер шындықты айтты

24.11.2025 17:58 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қайрат пен Заңғардың балаларына қатысты сөз көбейді: Айдарбековтер шындықты айтты
0
1006
Коллаж: politico.kz. Суретте: Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков

Айдарбековтер әулетіне қатысты әлеуметтік желіде тараған түрлі пікірлерге Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков өз жауаптарын берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, көпшілік келіндер мен балаларды салыстыруға әуес болғанымен, мұндай пікірлердің мәні шамалы.

«Барлығы салыстырып жатыр. Бірақ Заңғардікі — бірінші бала, ал Қайрат пен Жұлдыздың бесінші баласы. Әрине, жаңа түскен келіннің жағдайы басқа, алғашқы бала болғаннан кейін көзқарас та өзгеше болады. Ал Жұлдыз бәрін үйреніп алған тәжірибелі әйел ғой», – деді ол.

Ал Нұртас Айдарбеков әңгіме төңірегіндегі алып-қашпа пікірлердің негізсіз екенін айтты.

«Бұл — көптің айтып жүрген бос әңгімесі. Мен қалай бөлейін? Маған Рабиясы да, Әміресі де, Нұрәлиі де, Ақмөрі де, Ханы да — бәрі бірдей. Қайрат, Аян, Заңғар — үшеуі де менің балам. Сол себепті ешкімнің басын ауыртпай-ақ қойыңыздар. Жұлдызға да, Айгерімге де, Индираға да менен жақын адам жоқ», – деді ол.

Айдарбековтер отбасы мұндай пікірлердің негізсіз екенін айтып, әр баласы мен келініне тең қарайтынын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий