«Қазақмыс» жұмысшылары төрт қалада өткен экологиялық акцияда 95 тонна қоқыс шығарды

04.04.2026 14:08 Арман Ермеков
«Қазақмыс» жұмысшылары төрт қалада өткен экологиялық акцияда 95 тонна қоқыс шығарды
38
Фото: KAZAKHMYS

«Қазақмыс» тобының Жезқазған, Қарағанды, Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы кәсіпорындары «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылып, ауқымды тазалық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Сәуірдің 2–4 күндері аталған төрт шаһарда негізгі сенбіліктер өтті. Іс-шараға корпорация құрамындағы Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Meintenance Services, КЛМЗ (Maker), Kazakhmys Barlau мекемелерінен бөлек, жергілікті колледждер, ZhezAir және Жезқазған медициналық орталығының 1100-ден астам қызметкері қатысты.

Жұмысшылар 100-ге жуық арнайы техниканың көмегімен қала көшелері мен өндіріс алаңдарынан 95 тонна қалдық жинады.

Акция барысында қоғамдық орындар, жол бойы және мекемелерге іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, ағаш отырғызуға топырақ дайындалды. Ірі көлемдегі қалдықтарды жедел тасымалдау үшін самосвалдар мен жүк тиегіштер қолданылды.

Компания орналасқан елді мекендерді абаттандыру жұмыстары мамыр айына дейін апта сайын жалғасады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай экологиялық шаралар айналаны ретке келтірумен қатар, қоғамда табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий