Қазақмыс жуынатын орындар мен асханаларды жаңартып жатыр
Қазақмыс өндірістік нысандар мен вахталық кенттердегі киім ауыстыратын, жататын және тамақтанатын бөлмелерді жаңартып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Компания мәліметінше, бағдарлама 2026 жылы жаңа басқару командасы келгеннен кейін басталған. Жыл басынан бері Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі кәсіпорындарға жабдық пен қажетті мүлік жеткізіліп келеді.
Биыл қызметкерлердің жеке және арнайы киімдеріне арналған 6,9 мыңға жуық шкаф сатып алынып, орнатылды. Оның 4,5 мыңнан астамы Жезқазған, 1,6 мыңнан астамы Балқаш, 700-ден астамы Қарағанды өңіріне жеткізілген. Шкафтар табиғи желдету жүйесімен жабдықталған әрі ұзақ пайдалануға арналған.
Вахталық кенттердің жатын бөлмелері үшін биыл шамамен 10 мың дана тоқыма өнімі мен төсек-орын жабдығын алу жоспарланған. Қазір оның 7,8 мыңға жуығы жеткізілді. Олардың арасында төсек-орын жабдықтары, ортопедиялық матрастар, жастықтар, көрпелер мен жапқыштар бар. Компания бұл өнімдердің күнделікті қолдануға және тұрақты санитарлық өңдеуге төзімді екенін хабарлады.
1 қыркүйектен бастап Қарағанды мен Балқаш өңірлеріндегі кәсіпорындарда тамақтануды ұйымдастырудың ортақ талаптары енгізілді. Олар тағам сапасы мен қауіпсіздігін, ас мәзірін, тамақ дайындау технологиясын және қызмет көрсету деңгейін қамтиды.
Тамақтану сапасын компанияның осы бағытқа жауапты бөлімшелері бақылайды. Асханалардың жұмысын бағалағанда қызметкерлердің пікірі мен ұсыныстары ескеріледі.
Корпорацияның мәліметінше, еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту – жаңа команданың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Күнделікті пайдаланылатын нысандарды кезең-кезеңімен жаңарту және қызмет сапасын жақсарту жалғасады.
Соңғы жаңалықтар