Қазаққа тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханаға жатқызылды

14.11.2025 22:10 Берік Арманов
Қазаққа тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханаға жатқызылды
0
101
Фото: instagram.com/bivol_kate_fan. Суретте: Екатерина Бивол

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде жаңа видео жариялап, психиатриялық ауруханаға бара жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұл шешім оған бұрынғы күйеуінің фанаттары мен әпкесін қоса алғанда, түрлі адамдардан түскен шағымдарға байланысты қабылданған.

«Менің үстімнен Диманың Қырғызстан мен Қазақстандағы фанаттары екі жыл бойы қатты қысым көрсетіп келеді. Сонымен бірге бұрынғы күйеу жағынан аяқталмайтын, негізсіз травля бар», – деді Екатерина видеода.

Ол тексеріс тек үшінші тұлғалардың шағымдарына қатысты екенін, балаларға қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Менің балаларым керемет. Күн сайын олардың жаттығуларына барып тұрамын. Менің өмірімді өздеріңіз білесіздер. Маған ұзақ жылдар бойы жасалып келе жатқан қатты агрессияға қандай да бір реакция білдірсем, әлдебір адамдар соны іліп алып, мені тексере бастайды», – деп қосты Бивол.

Екатерина бірнеше жыл бойы тұрақты травляға, жеке ақпараттың таралуына және қорқытуларға тап болып жүргенін айтты. Оның сөзінше, балаларды өзі қамтамасыз етеді, ал алимент пен қамқоршылық мәселелері қосымша стресс тудырып отыр.

Кейінірек Екатерина ауруханада бұрынғы күйеуімен және оның адвокаттарымен кездескенін хабарлады.

Желіде сондай-ақ Екатеринаны психиатриялық ауруханаға шақыруға себеп болды делінген шағымның суреті тарады.

Құжатта былай делінген:

«Ол бұрынғы күйеуіне, оның туыстарына, маған және менің балаларымa тұрақты түрде дөрекі түрде өлім тілейді. Мұндай жанжалдар кезінде жиі племянниктер кадрда болып, бәрін көріп жүреді».

Мәлімдемеге сәйкес, Екатерина өзіне және балаларға да қауіп төндірген.

«Апатия кезеңдерінде ол “балалармен бірге терезеден секіремін” деп қорқытатын. Ондай кездері мен онымен күн сайын 6–8 сағат телефонда отырып, бір сөзін қайта-қайта тыңдаймын: өмірге лайық емеспін, өлгім келеді, ешкімді жақсы көрмеймін», – делінген мәтінде.

Құжатта оның әпкесі «балаларды уақытша отбасынан алу мәселесін қарастыруды» және «анасына қатысты шара қолдануды» сұрағаны көрсетілген.

Еске салайық, Ресей ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастаған. Бұл туралы журналистерге ІІМ-нің қоғаммен байланыс және БАҚ-пен жұмыс басқармасында хабарланған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий