"Қазақша сөйле": Қарағандыда модельдің жазбасы ұлттың намысына тиді

21.07.2025 09:06
0
1557
Коллаж: POLITICO.KZ

Қарағанды моделінің сөзі желіде шу шығарды

Қарағандыда әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған даулы оқиға орын алды. Алика Мухамадиева Threads платформасында Alika_Augustova лақап атымен танымал модель ұлттық намысқа тиетін жазба жариялап, қоғамның наразылығына ұшырады.

Ол өз парақшасында: «Ох, мына жартылай қазақ, жартылай орыс диалог. Ең ақымақ нәрсе қазақша сөйле деп жанын салатын қазақтың соңында осылай сөйлегенін көру:» деп жазған. Бұл сөздер көпшіліктің ашуын туғызып, ұлтаралық араздықты қоздыратын мәлімдеме ретінде бағаланды.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары жазбаның скриншоттарын таратып, құқық қорғау органдарына шағым жолдай бастады. Нәтижесінде модель Threads-тегі парақшасын өшіріп, Instagram арқылы кешірім сұрады. Алайда бұл әрекеті оның үстінен түсіп жатқан арыздардың алдын ала алмады.

Егер жазбада ұлтаралық алауыздықты қоздыру белгілері анықталса, модель Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жауапқа тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий