Қазақстан әскерінің ас мәзіріне бешбармақ пен наурыз-көже енгізілуі мүмкін

Қазақстан Ұлттық гвардиясы әскерилердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізу бастамасын көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ұлттық гвардия мәлімдемесінде:
"Қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында әскери рационға дәстүрлі тағамдар енгізу ұсынылды. Жаңа мәзірге бешбармақ, сырне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар қосылады", – делінген.
Бұл ұсыныс Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да күштік құрылымдар қатысқан дөңгелек үстел барысында айтылып, толық қолдау тапты.
Ұлттық гвардия бұл өзгерістер алдын ала Қазақ тағамтану академиясымен келісілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін қазақстандықтардың ұлттық тағамдарға деген қызығушылығы артқаны хабарланған. Сарапшылардың пікірінше, қазақ асханасының ерекшелігі – оның теңгерімділігі мен экологиялық тазалығында.
Соңғы жаңалықтар





