Қазақстан азаматтары АҚШ грин-картасын ала алмайтын болды
АҚШ университеттегі атысқа байланысты грин-карта лотереясын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz
Шешім Браун университетінде екі адам қаза тапқан атыс оқиғасынан кейін қабылданған. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің айтуынша, аталған атысқа күдікті дәл осы бағдарлама арқылы елге кірген.
«АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасына сәйкес USCIS-ке DV1 бағдарламасын дереу тоқтатуды бұйырамын. Бұл бағдарлама америкалықтарға қауіп төндірмеуі тиіс», – деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ресми мәлімет бойынша, күдікті Клаудио Мануэль Невеш Валенте 2017 жылы лотерея арқылы АҚШ-қа көшіп, тұрақты тұру құқығын алған.
Министр Ноэм «мұндай адамның елге мүлде кірмеуі керек еді» деп атап өтті. Ол сондай-ақ Дональд Трамптың бұл бағдарламаны тоқтатуды 2012 жылдан бері қолдап келе жатқанын, әсіресе 2017 жылы Нью-Йоркте грин-карта иесі жасаған терактіден кейін бұл талап күшейгенін еске салды.
Соңғы жаңалықтар