Қазақстан колледждері төрт лигаға бөлінбек
Колледждерді реформалау: жаңа лига жүйесі енгізіледі
Қазақстанда колледждерді төрт лигаға бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл өзгерістер 2025–2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың жол картасы жобасында көрсетілген.
Құжатта білім беру экожүйесін жаңарту, кадрларды даярлау сапасын арттыру, цифрлық технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес арасындағы ынтымақтастық механизмдерін қалыптастыру секілді алты негізгі бағыт белгіленген.
2025 жылдың наурызынан бастап төрт лиганың қалыптасуы басталады:
- Көшбасшы лига: инновациялық инфрақұрылымы мен басқару жүйесі жоғары деңгейде дамыған колледждер. Олар өз тәжірибелерін опорлық колледждермен бөліседі.
- Тірек лига: өңірлердегі білім беру мен инфрақұрылымды дамытуға стратегиялық үлес қосады. Бұл лигадағы колледждер жаңа технологиялар мен стандарттарды енгізуге арналған алаң болып табылады.
- Әлеуметтік лига: даму мен жаңғырту процесінде. Жаңа технологияларды енгізу, білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыстарын жүзеге асырады.
- Мақсаттық лига: білім беру сапасын жақсартуды қажет ететін колледждер. Бұл лигада инфрақұрылым ескірген және бәсекеге қабілеттілігі төмен колледждер реформаларға мұқтаж.
Ақпарат informburo.kz сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...