Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды

Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды
14.10.2025 08:13
0
57

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ойын өте қарқынды түрде басталды. Гол соғатын мүмкіндіктер де болды. Дегенмен бірінші таймда қос команда да есеп аша алмады.

Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараманның соққан добы қарсыластың қақпасына дәл тиіп, «Қазақстан» құрамасын алға шығарды. Алайда 75-минутта Солтүстік Македония сапынан Энис Бардидің айып соққысынан кейін таразы басы теңесті. Нәтижесінде ойын тең есеппен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 7 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпаймен «J» тобында 4-орынға жайғасты. Ал Солтүстік Македония 13 ұпаймен 2-орынға тұрақтаса, үздіктердің көшін 14 ұпай жинаған Бельгия құрамасы бастауда. Енді ұлттық құрама ойыншылар 15 қарашада Астанада «Бельгия» құрамасын қабылдайды.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий