Қазақстан пойыздарында интернет 2025 жылы іске қосылады

Қазақстан пойыздарында интернет 2025 жылы іске қосылады
23.12.2024 12:41
0
418
the-tenge.kz
2025 жылы Қазақстан пойыздарында интернет пайда болады

2025 жылдың қаңтар айында Қазақстан пойыздарында интернет қызметі іске қосылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Интернет OneWeb компаниясымен бірлескен пилоттық жоба аясында қосылмақ. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба сапасы мен тарифтері бойынша қорытынды жасалып, масштабтау туралы шешім қабылданады.

«Біз әртүрлі технологияларды зерттеп, ең тиімдісі низкоорбиталық спутниктер арқылы интернет беру екенін анықтадық. OneWeb компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, 2025 жылдың қаңтарында ҚТЖ-мен бірлесіп пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Пилоттық нәтижелер бойынша сапа мен тарифтерді бағалап, әрі қарай масштабтау мәселесін қарастырамыз», – деді Коняшкин үкімет сағатында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий