Қазақстан түрмесінде жатқан қазақстандық блогер Путиннен Ресей азаматтығын сұрады

12.08.2026 09:02 Әсел МҰРАТ
Қазақстан түрмесінде жатқан қазақстандық блогер Путиннен Ресей азаматтығын сұрады
281
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда сотталған блогер Ермек Тайшыбеков Путиннен Ресей азаматтығын сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жазасын өтеп жатқан қазақстандық блогер Ермек Тайчибеков Ресей президенті Владимир Путинге үндеу тастады.

Ол өзіне саяси баспана және Ресей азаматтығын беруді өтінді.

«ПолитНавигатор» басылымының жазуынша, колониядан жолданған үндеуді блогердің адвокаты Ғалым Нұрпеисов жеткізген.

Хатта Тайшыбеков түзеу мекемесінде өзіне физикалық және психологиялық қысым жасалып жатқанын алға тартады. Оның айтуынша, оны ұрып-соғады, сондай-ақ діни және саяси көзқарастарын өзгертуге мәжбүрлейді.

«Босатылғаннан кейін де мен Қазақстан территориясында қауіпсіздікте болмаймын. Құрметті Владимир Владимирович, сізден маған Ресейден саяси баспана, ал кейіннен РФ азаматтығын беру үшін мүмкін болған барлық шараларды қабылдауыңызды өтінемін. Ресей Федерациясы мен үшін өз ұстанымдарымнан бас тартпай, қауіпсіз өмір сүре алатын және қоғамға пайдалы бола алатын жалғыз ел. Түрме қабырғасынан тыс жерде мен тек сөзбен емес, іспен де Сіздің мені босату жолындағы еңбегіңізді ақтай аламын», — делінген үндеуде.

Редакциямыз осы жағдайға байланысты ресми түсініктеме алу үшін  ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүгінді.

2021 жылдың тамызында Алматы соты Тайшыбековті кауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Тайшыбековке қатысты ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін «Украина.ру» порталына берген сұхбатынан кейін қылмыстық іс козғалған болатын.

Бұған дейін, 2015 жылдың желтоқсанында Ермек Тайшыбеков Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларында ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен төрт жыл мерзімге түрмеге жабылған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий