Қазақстанда $1 млрд тұратын мыс балқыту зауыты салынбақ

Қазақстанда $1 млрд тұратын мыс балқыту зауыты салынбақ
28.01.2025 12:33
0
83
mtrk.kz
Қазақстанда $1 млрд тұратын мыс зауыты салынады

Қазақстанда $1 млрд тұратын мыс балқыту зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жоба Абай облысында іске асырылады және еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, премьер-министр Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8%-ға жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, елде мұнай-химия және көмір-химия салаларында ауқымды жобалар қолға алынуда. Мұнай мен газ өндіру бойынша жаңа бастамалар да назардан тыс қалмады. "Батыс Прорва" және "Барханное" кен орындарында газ өндіру басталмақ, ал 2025 жылы сланец мұнайы өндірісі іске қосылады.

Бектеновтің сөзінше, мемлекеттік аппарат шығындары 410 миллиард теңгеге қысқартылды. Бұл көрсеткішке цифрлық құралдарды енгізу арқылы қол жеткізілген. Сонымен қатар, премьер-министр АЭС құрылысына қатысты құжаттардың жақын арада дайын болатынын айтты.

«Қосылған құн салығын (ҚҚС) арттыру қажет. Сонымен бірге әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің зейнетақы төлемдерін азайту ұсынылады. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қаржылық резерв құруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или