Қазақстанда 3 мыңнан астам мектепте тексеру жүргізіледі

Қазақстанда 3 мыңнан астам мектепте тексеру жүргізіледі
24.09.2025 12:04
0
141
Фото: freepik.com

Елімізде 3 мыңнан астам мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

 Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, ведомство  Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын айқындаған.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізген.

Іс-шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, білім беру процесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған.

"Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды", - деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Министрлік өкілдері бақылау іс-шараларын жүргізу білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий