Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандар саны 655 мың адамға жетті
Түркістан, Шымкент және Алматы – баспанаға ең көп кезек күткен аймақтар
Қазақстанда 655 мың азамат мемлекеттік баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең көп тұрғын үй кезегі келесі аймақтарда тіркелген:
- Түркістан облысы – 68 329 адам
- Шымкент қаласы – 52 257 адам
- Жамбыл облысы – 44 856 адам
- Алматы қаласы – 44 189 адам
- Алматы облысы – 40 028 адам
- Астана қаласы – 38 064 адам
Баспанаға мұқтаж топтар:
- Әлеуметтік осал топтар – 69%
- Мемлекеттік қызметкерлер – 29%
- Көпбалалы отбасылар – 21%
- Ғарышкерлер мен астронавттар – 2 адам
60 мыңнан астам адам мемлекеттік тұрғын үй алды. Алайда, тек қаңтар айында баспана кезегінде тұрғандар саны 19 793 адамға көбейді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді кезекке кез келген қазақстандық тұра алады. Бірақ, бірқатар санаттарға басымдық беріледі:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар
- Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері – көпбалалы аналар
- Көпбалалы отбасылар
- Жесірлер
- Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
- I және II топ мүгедектері
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...