Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы күрт қымбаттады: Қатты қымбаттаған дәрілер тізімі

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 8,6%-ға өсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында (+14%), Астанада (+10,9%) және Абай облысында (+10,4%) байқалды. Ең төменгі өсім Маңғыстау (+6,3%), Ақмола (+5%) және Жетісу (+4,9%) облыстарында тіркелді.
Қатты қымбаттаған дәрілер:
- "Корвалол" – +30,7%
- "Канефрон Н" – +27,9%
- "Ацикловир" – +18%
- Ацетилсалицил қышқылы – +16,8%
- "Мульти-табс Классик" – +15%
- Йод – +9,3%
- Активтендірілген көмір – +7,9%
- Парацетамол – +7,6%
Бұған қоса, "Эссенциале форте Н" бағасы өзгерген жоқ, ал "Аквалор Форте" спрейінің бағасы 0,3%-ға төмендеді.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның фармацевтика нарығы импортқа тәуелді, бұл бағаның өсуіне ықпал етеді. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында елге 30 мың тонна дәрілік заттар (1,5 млрд доллар) импортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға көп.
Фармацевтика саласында Қазақстанның ішкі өндірісі өте төмен:
- Витаминдер мен олардың туындылары – 1,7%
- Антибиотиктер – 20,3%
Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне импорттық тәуелділік, логистикалық шығындар және маркетингтік факторлар әсер етуде.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





