Қазақстанда дәрі-дәрмек пен вакциналарды тасымалдау және сақтау тәртібіне бақылау күшейтіледі

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен вакциналарды тасымалдау және сақтау тәртібіне бақылау күшейтіледі
Фото: Pexels

Денсаулық сақтау министрлігі иммунобиологиялық дәрілік препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалануға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Негізгі өзгерістер:

  •  Температураны тәулік бойы қадағалау: Вакциналар елге жеткізілген сәттен бастап емдеу мекемелерінде қолданылғанға дейінгі барлық кезеңде температуралық режим цифрлық мониторинг арқылы тәулік бойы бақыланады. Егер көрсеткіштерден ауытқу болса, жедел әрекет ету мүмкіндігі қарастырылған.
  •  «Суық тізбек» жүйесін жетілдіру: Препараттардың тиімділігі мен сапасын сақтау мақсатында арнайы сақтау және жеткізу талаптары күшейтіледі.
  •  Есепке алу мен қозғалыстың ашықтығы: Дәрі-дәрмектің әрбір кезеңдегі қозғалысын тіркеу тетіктері жақсартылып, толық бақылау қамтамасыз етіледі.

Министрліктің мәліметінше, бұл шаралар екпелердің сапасы мен қауіпсіздігіне қосымша кепілдік беріп, халық денсаулығын қорғауға және иммундық профилактика жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған, қоғамдық талқылау 3 қарашаға дейін жалғасады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу