Қазақстанда ескертуге құлақ аспаған шенеуніктер жазаланды

13.11.2025 14:42 Арман Ермеков
Қазақстанда ескертуге құлақ аспаған шенеуніктер жазаланды
0
350
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы алғанда 18 шенеунік пен 4 мемлекеттік органға жаза қолданылған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айта кету керек, Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – бұл мемлекеттік аудиттен кейін анықталған нақты бұзушылықтарды жою туралы берілетін ресми құжат. Онда кімнің не істеу керектігі, жауапты тұлғалар және нақты мерзімдер көрсетіледі.

Бұл тек жазалау ғана емес, сонымен қатар тәртіпті қалпына келтіру және республикалық деңгейдегі маңызды салаларда бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу тетігі болып саналады. Берілген барлық нұсқама Жоғары аудиторлық палата мамандарының тұрақты бақылауында.

1 қазандағы жағдай бойынша, жауапкершілікке тартылғандардың қатарында жоғары лауазымды шенеуніктер де бар. Атап айтқанда:

  • Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
  • Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;
  • Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ, бұл тізімде «Семей» ӘКК» АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, қалалық бөлім меңгерушілері және жекелеген министрліктердің департамент директорлары да бар.

Жекелеген тұлғалардан бөлек, 4 бірдей ірі заңды тұлғаның өзі жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында:

  • ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
  • ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті;
  • ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
  • Қызылорда облысы әкімінің аппараты.

Сонымен қатар, аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамағаны үшін Ұлытау облысының бірден үш әкімдігіне, атап айтқанад Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданына қатысты сотқа талап арыз берілді. Қазіргі уақытта бұл мәселелер сотта қаралып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий