Қазақстанда іздеуде жүрген Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы мәлімдеме жасады

30.04.2026 11:23 Арман Ермеков
Қазақстанда іздеуде жүрген Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы мәлімдеме жасады
349
Коллаж Politico.kz

Мемлекетке 5,2 млрд теңге шығын келтіріп халықаралық іздеуге жарияланған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Капенов өзінің Қырғызстан азаматы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін желіде көрші елдің төлқұжатын көрсетіп видео жариялаған ол 1978 жылы Қарақол қаласында дүниеге келгенін айтты. Оның сөзінше бұл құжат оған туғаннан тиесілі.

«Мен әрқашан Қырғызстан азаматы болдым, азаматтықтан шыққан жоқпын. 16 жасымда төлқұжатты қалай алсам, әлі күнге дейін осы елдің азаматы болып қала беремін», – деді Азамат Капенов видеода.

Еске салайық, экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі ретінде танымал Капеновке Қазақстанда сырттай қамауға алу шарасы санкцияланған. Ол ҚазТемірТранс акционерлік қоғамының вице-президенті болып тұрған кезде жүк вагондарын басқару барысында өзіне қатысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасады деген күдікке ілінді. Оның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып ақша жымқыру әрекетінің салдарынан мемлекеттік мекемеге 5,2 млрд теңгеден астам шығын келген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий