Қазақстанда сайлаушылардың қаншасы дауыс беріп үлгерді? ОСК жаңа мәлімет жариялады
Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 29 қараша күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берген.
Өңірлер арасында сайлаушылардың келуі бойынша Ақтөбе облысы алдыңғы қатарда. Мұнда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 16,49 пайызы таңдау жасаған. Одан кейін Қызылорда облысы – 16,33 пайыз және Түркістан облысы – 15,32 пайыз көрсеткішке ие.
Алматы облысында сайлаушылардың 13,53 пайызы, Маңғыстау облысында 13,02 пайызы дауыс берген. Астана қаласында бұл көрсеткіш 9,93 пайызды құраса, Алматыда 6,41 пайыз болған. Шымкентте сайлаушылардың 12,67 пайызы учаскелерге барған.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер төмендегідей:
- Абай облысы – 12,56%;
- Ақмола облысы – 12,04%;
- Атырау облысы – 11,86%;
- Батыс Қазақстан облысы – 11,85%;
- Жамбыл облысы – 12,83%;
- Жетісу облысы – 14,24%;
- Қарағанды облысы – 14,01%;
- Қостанай облысы – 9,75%;
- Павлодар облысы – 10,91%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%;
- Ұлытау облысы – 12,97%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%.
Айта кетейік, бүгін еліміздегі 228 мәслихаттың 3 447 депутатын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру үшін республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі ашылған. Сайлау қорытындысы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануы тиіс.
Соңғы жаңалықтар