Жеңіс Қасымбек те таңдауын жасады: Астана әкімі сайлауға қатысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Қала басшысының айтуынша, сайлау – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елорда мен оның болашағының дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды науқан.
«Мәслихат елорда мен оның тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ әкім Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалғанын және сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.11.2026
12:36
32 тонна есірткі, 14 мың банк картасы: Қазақста...
29.11.2026
11:43
Жеңіс Қасымбек те таңдауын жасады: Астана әкімі...
29.11.2026
10:26
Қазақстанда сайлаушылардың қаншасы дауыс беріп ...
29.11.2026
10:17
BilimClass-қа хакерлер шабуыл жасады: Оқушылар ...
29.11.2026
09:17
Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау басталды
28.11.2026
17:51
Заңға адалдық – әділетті қоғамның негізі