Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
913
Сталкингке қарсы заң жобасы екінші оқылымға дайын
Қазақстанда сталкинг үшін жаза енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, "сталкинг" түсінігін Қылмыстық кодекске енгізу көзделуде.
"Сталкинг" арнайы бап ретінде қылмыстық теріс қылық санатына енгізіледі. Заң жобасы алдағы аптада немесе келесі аптада Мәжілісте екінші оқылымға шығарылады. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл түріндегі жаза ұсынылуда", – деді депутат Абзал Құспан.
Депутаттан сталкингті неге қатаң жаза ретінде қарастырмайтынын сұрағанда, ол жаңа нормаларды енгізу кезінде абай болу қажеттігін айтты.
"Бұл – адамдардың тағдыры. Осындай маңызды шешімдерді асығыстықпен қабылдауға болмайды. Әуелі түрлі тәжірибелерді зерттеп, талдау жүргізу керек. Кейінгі уақытта жазаны күшейту мәселесін қарастыруға болады", – деп қосты депутат.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...