Қазақстанда тағы да 44°C-қа дейін ыстық болады
28–30 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт көтеріліп, кей өңірлерде +44°C-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +33...+44°C аралығында болады. Ал солтүстік аймақтарда +30...+38°C ыстық күтіледі. Батыс өңірлерден өзге аумақтарда ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сонымен қатар апта ішінде бірқатар өңірде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің оңтүстігінде Ираннан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын болмайды.
Осыған байланысты Қазақстанның көптеген өңірінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Мамандар тұрғындарды, әсіресе табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...