«Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады»: Ұлттық банк нақты уақытын айтты

«Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады»: Ұлттық банк нақты уақытын айтты
05.09.2025 11:05
0
156
Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда ескі банкноттарды жаңа үлгідегі купюраларға ауыстыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ұлттық банк 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік ескі банкноттардың параллель айналымнан шығатын мерзімдерін атады. 

Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар екені айтылды. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:

  • 2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;
  • 10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
  • 1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды.

"Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, барлық банктер мен "Қазпошта" ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегілеріне 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз", – деп нақтылады Ұлттық банк.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий