Қазақстанда тұратын ер адамдардың саны белгілі болды
Қазақстанда ресми түрде 10 миллионнан астам ер адам тұрады. Олардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жаста, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Ведомство мәліметінше, елде 10 044 673 ер азамат тіркелген. Оның ішінде:
0–15 жас аралығы — 30,2%
16–60 жас аралығы — 56,5%
61 жастан жоғары — 13,3%
Қазақстандағы ер адамдардың орташа жасы шамамен 31 жас 1 айды құрайды. Ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 72 жыл 2 ай.
Ер азаматтар ең көп шоғырланған өңірлер:
Алматы — 1,1 миллион адам
Түркістан облысы — 1,1 миллион адам
Алматы облысы — 806,5 мың адам
Астана — 785,4 мың адам
Сондай-ақ биылғы бес айда Қазақстанда ең көп қойылған ер есімі — Алан болған. Бұл есімді 817 бала алған. Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері тіркелген.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, ер адамдар еңбек нарығының жартысынан астамын құрайды. Қазіргі таңда жұмыспен қамтылған ер азаматтардың саны шамамен 4,8 миллион адамға жеткен.
Олардың:
50,6%-ы жалдамалы қызметкер
55,1%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
Ер адамдар көбіне мына салаларда еңбек етеді:
өнеркәсіп — 16,5%
көтерме сауда — 14%
ауыл шаруашылығы — 12,4%
көлік және қоймалау — 11,1%
Сонымен қатар ер азаматтар кәсіпкерлікке жиі бет бұрады. Жеке кәсіпкерлер арасындағы олардың үлесі 54,7%-ды құрайды. Ең белсенді жас санаты — 35–44 жас аралығындағы ер адамдар. Бұл топта шамамен 1,4 миллион адам бар.
Соңғы жаңалықтар