Қазақстанда жаңа өтемақы түрі енгізілуі мүмкін
Қазақстанда ересек әрекет қабілетсіз адамдарға күтім көрсететін қамқоршыларға жаңа өтемақы енгізілуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов пленарлық отырыста ересек жастағы, сотпен әрекет қабілетсіз деп танылған адамдарға, соның ішінде II және III топтағы мүгедектер мен психикалық ауытқуы бар азаматтарға қарауға жауапты қамқоршыларға тиісті әлеуметтік қорғаудың жоқтығына назар аударды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жұбанов халықаралық тәжірибеге, оның ішінде Еуропа Одағы елдеріне мысал келтірді. Онда әрекет қабілетсіз ересектерге күтім жасау әлеуметтік маңызды іс ретінде қарастырылады. Көптеген елдерде күтім үшін өтемақы төленеді, күтім жасаған уақыт еңбек өтіліне есептеледі және зейнетақы жарналары мемлекет есебінен аударылады.
Депутат үкіметке келесі ұсыныстарды білдірді:
- Сотпен әрекет қабілетсіз деп танылған ересектерге күтім жасайтын опекундарға мемлекеттік төлем орнату;
- Қамқоршылық кезеңді еңбек өтіліне қосу;
- Күтім жасаған кезеңге зейнетақы жарналары мемлекет есебінен аударылуы;
- Қамқоршылардың осы санатын әлеуметтік қорғау субъектісі ретінде құқықтық мәртебесін бекіту.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...