Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады
Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстандағы барлық банк үшін бірегей QR-кодты төлем жүйесін таныстырды.
Бірінші транзакцияны көрсету бүгін Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлер конгресі аясында екі екінші деңгейлі банктің қатысуымен өтті.
Айта кету керек, банкаралық QR-төлемдер қызметі – бұл Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымының (ҰЦҚИ) құрамдас бөлігі, ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді.
"Әсіресе, банкаралық QR-төлемдерді енгізу бизнеске түрлі банктердің бірнеше терминалын орнату шығындарын азайтуға, ал азаматтарға – елдің кез келген банк терминалы арқылы QR-кодпен ақы төлеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, банктер банкаралық операцияларды өңдеу құнын төмендету арқылы шығындарды оңтайландырып, ҰЦҚИ инфрақұрылымына қатысу аясында клиенттер үшін төлем қызметтерін кеңейте алады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...