Қазақстандағы концерттері жаппай тоқтатылған ресейлік әнші туралы тың дерек шықты

19.03.2026 16:15 Әсел Мұрат
Қазақстандағы концерттері жаппай тоқтатылған ресейлік әнші туралы тың дерек шықты
250
Фото: ашық дереккөз

Украина билігі Қазақстандағы концерт кезінде ресейлік әншінің айтқан даулы сөздеріне қатысты үн қатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Украинаның Мәдениет және ақпарат саясаты министрлігі ресейлік әнші Акмаль Ходжаниязовты (Akmal') елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұлғалар тізіміне енгізді. Тиісті шешім Украина Қауіпсіздік қызметінің ұсынысы негізінде қабылданды. Құжатта бұл шараның қабылдануына Ресейдің агрессиясын қолдауы және насихат жүргізуі, соның ішінде уақытша оккупацияланған аумақтарда концерт беруі себеп болғаны атап көрсетілген.

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Қазақстанда Akmal’ концерттері тоқтатылған еді. Бұл жағдай Петропавл қаласында болған жанжалдан кейін орын алды. Концерт барысында көрермендердің бірі әншіге көк және сары түсті пакет сыйлаған. Әнші оған жауап ретінде: «Бұл пакетті өртеп жіберіңдер, маған бұл түстер ұнамайды», – деген. Бұл сөз әлеуметтік желілерде кеңінен резонанс тудырды. Желі қолданушылары әншіні Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметсіздік танытты және Украинадағы соғыс аясында арандатушылық жасады деп айыптады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий