Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспалар табылды

06.01.2026 09:38 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспалар табылды
0
456
Фото: ашық дереккөз

Елімізде кейбір қара шай маркаларының әкелінуіне және сатылуына тыйым салынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер 5 қаңтарда тиісті қаулыға қол қойды. 
Шешім бақылау мақсатындағы сатып алулар мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары бойынша қабылданды. Тексерулер кезінде қолданыстағы нормативтер бойынша тыйым салынған тағамдық бояғыштар қолданылған қара шайды өндіру және сату фактілері анықталды.

Тыйым салынған қоспалар

Құрамында тағамдық бояғыштары (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды. Оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды. Бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
  • «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
  • «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
  • «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
  • «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
     
Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий