"Қазақстанда бәрі жалқаулар". Қазақстанды ауылға теңеген ресейлік қыздың видеосы қоғамда наразылық тудырды

11.09.2025 23:54
0
197
Сурет: Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Қазақстан туралы жағымсыз пікір айтқан шетелдік турист қыздың видеосы тарап, үлкен дау тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видеода Қазақстанда тұрып жатқан Ресейден келген турист қыз елімізді ауыл деп атап, мұнда тек жалқау адамдар тұратынын айтқан.

«Мен түсінемін Қазақстанда бәрі жалқаулар. Ал «Қазақстан» деген осы ауылда интернет өте нашар, тіпті дұрыс жұмыс істей алмаймын, балалармен сабақ та өткізе алмаймын, интернет мүлдем нашар. Мұнда адамдар жұмыс істемейді, адамдарға интернет те қажет емес. Түсінбеймін. Шынымды айтсам, Қазақстанда бәрі жалқау сияқты әсер қалдырады. Сіздер қашан жұмыс істейсіздер өзі», – дейді ол видеода.

Бұл мәлімдеме қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.

«Осылар арамшөмтей шыға берді ғой», «Ұнамаса - жоғал! Ешкім ұстамайды!», «Өздері келіп алады да онымен қоса жамандайды», – деп жазды желі қолданушылары.

Желі қолданушылары видео авторын тауып, заң бойынша қатаң жазалауды және оның Қазақстаннан шығуына жол бермеуді талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий