Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды 100 млн теңгеге алдады

30.04.2026 21:42 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды 100 млн теңгеге алдады
218
Арзан пәтер уәдесімен жүздеген миллион теңге жымқырған

Қырғызстанда жылжымайтын мүлікке қатысты ірі алаяқтық ісі анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Депутаттардың мәліметінше, 2023–2025 жылдар аралығында кемінде 30-дан астам адам алданған. Жалпы шығын көлемі 20 млн сомнан асады (шамамен 100 млн теңгеден көп).

Алаяқтар өздерін пәтер сатушылар ретінде таныстырып, нарық бағасынан әлдеқайда арзан тұрғын үй ұсынған. Сеніп қалған азаматтар алдын ала ақша аударғаннан кейін, қаражат ізін суытып, шетелге шығарылған.

Ерекше алаңдататыны күдіктілер есту қабілеті төмен азаматтарды мақсатты түрде таңдаған. Себебі олар ақпаратты тексеруге және өз құқықтарын қорғауға кеш жүгінетіні анықталған.

Қазіргі уақытта Қырғызстан аумағында тек делдалдар ұсталған. Ал негізгі ұйымдастырушылар әлі іздестіріліп жатыр. Тергеу материалдарында олардың арасында Қазақстан азаматтарының болуы мүмкін деген күдік те қарастырылуда.

Құзырлы органдар бұл істі трансұлттық алаяқтық ретінде тергеп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий