Қазақстандықтарға 1,5 млн теңгеден беріледі
332
Жаңа бизнес ашамын дегендерге 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
21 мамырдан бастап жаңа бизнес ашамын дегендерге грант беріледі. Ол үшін Business.enbek.kz сайтына кіріп, өтінім толтыру керек. Шамамен 4500 адамға грант беру жоспарланған.
Өтініш бергендер жұмыссыз ретінде рәсімделген немесе кейінгі үш жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы керек. Сондай-ақ үміткердің «Бизнес Бастау» жобасынан кәсіпкерлікке қатысты оқудан өтті деген сертификатына қарайды.
Грант қаражатын қажетті құрал-жабдық, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар сатып алу, мал, құс, жануарлар, көшет, бұта, тұқым алу немесе ғимарат жалдау ақысын төлеу үшін алуға болады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...