Қазақстандықтарға зейнетақы жинағына тіс емдетуге тыйым салынуы мүмкін
649
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының бір бөлігін стоматологиялық қызметтерге жұмсауға толық тыйым салуды ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ ақпарат порталы.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл бастамаға зейнетақы төлемдерін мақсатсыз пайдалану және алаяқтық схемалардың анықталуы себеп болған.
«Бұйрық жобасы жинақтарды мақсатсыз пайдалану жағдайларының анықталуына байланысты біржолғы зейнетақы төлемдерін стоматологиялық қызметтерге (тіс протездеу, имплантация) пайдалану нормасын алып тастауды көздейді», – делінген құжат сипаттамасында.
Бұйрық жобасы 30 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...