Қазақстанға қарғыс тілеген қарағандылық мұғалім халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

10.09.2026 12:43 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанға қарғыс тілеген қарағандылық мұғалім халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
289
Коллаж Politico.kz

Қарағандыда мектепте хиджаб тағуға салынған тыйымға ашуланып, Қазақстанға экономикалық азап тілеген мұғалім халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Жарқын Әбдікаримов Threads желісінде даулы жазба қалдырған. Бұған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдемесі түрткі болды.

Министр оқушыларға орамалмен сабаққа қатысуға рұқсат берген жекеменшік мектептердің лицензиясы қайтарып алынатынын ескерткен еді. Осы жағдайға ашуланған ұстаз Threads желісіндегі өз парақшасында елге қарғыс айтқан.

Бұл жазба желіде тез тарап кетті. Пайдаланушылар өз еліне жамандық тілеген азаматтың сөзіне наразылық білдірді. Олар құқық қорғау органдарынан бұл жағдайға назар аударуды талап етті. Желі қолданушылары автордың жұмыс орнын анықтаған соң мектепке шағымдар түсе бастаған.

Көп ұзамай мектепке журналист Айсұлтан Жақыпов барып, ұстазбен тілдесті. Жарқын Әбдікаримов мемлекеттің жекеменшік мектептерге қойған талаптары мен орамал мәселесіне қатты ашуланғанын жеткізді. Эмоцияға беріліп кеткенін мойындаған ол қазақ халқынан кешірім сұрады. Мұғалімнің сөзіне қарағанда, ол өз елін жақсы көреді. Ол өзін патриот санайтынын және Қазақстанға жамандық тілемейтінін атап өтті.

Ұстаздың айтуынша, ол «Болашақ» университетін бітірген. Әбдікаримов аталған мектеп-интернатта 11 жылдан бері сабақ беріп келеді. Мұғалімнің мектеп жасындағы балалары бар. Оның 9 жастағы қызы сабаққа хиджаб киіп бармайды. Ұстаз жазбаны әдейі жарияламағанын, бәрі ашу үстінде болғанын түсіндірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий